Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әлімханұлынан қашты ма? Әлем чемпионы күтпеген қадам жасады

Бүгін, 11:51

Танымал боксшылардың қатарынан бола қоймайды.

Әлімханұлынан қашты ма? Әлем чемпионы күтпеген қадам жасады
©Top Rank

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес келесі жекпе-жегін Доминикан Республикасында өткізуі мүмкін.Бұл туралы Broadway Joel атты доминикандық-америкалық инсайдер жазды.

Болашақ қарсыласының есімі әзірге нақты емес, бірақ инсайдердің айтуынша, олардың бірі – танымал боксшылардың қатарынан бола қоймайды.

Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында біраз таңданыс туғызды, себебі көпшілік Адамес пен WBO/IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы арасындағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекті ұзақ уақыттан бері күтіп жүр. WBC президенті Маурисио Сулейман бұл бәсеке бойынша тараптарға келіссөз жүргізу үшін қосымша уақыт берілгенін мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, Карлос Адамеске 2023 жылдан бері міндетті қарсыласы ретінде тағы бір қазақстандық боксшы – Мейірім Нұрсұлтанов тіркелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам