
Ахмедовтің өзі де жекпе-жек өткізеді.
Қазақстандық боксшы, елдегі ең көрікті спортшылардың бірі саналатын Балауса Мұздыман (8-0, 6 KO) келесі жекпе-жек күнін анықтады.
Балаусаның рингке қайта оралуы 5 қыркүйекке жоспарланған. Алматыда өтетін бокс кешін Али Ахмедовтің промоушені ұйымдастырады. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Шоудың аясында тағы бірнеше жергілікті боксшы, соның ішінде Ахмедовтің өзі де жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Балауса Мұздыман соңғы жекпе-жегін биыл 6 мамырда Алматыда өткізіп, алғашқы раундта Египет боксшысы Айя Рамаданды (4-1, 0 КО) нокаутпен жеңген болатын. Осы кездесуден кейін жеңіліп көрмеген Мұздыман жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін айқасуға ниетті екенін мәлімдеген.