
Бұл кезеңде 19 жасқа дейінгі боксшылар бақ сынайды.
Бүгін, 7 тамыз күні, Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар ширек финалдық жекпе-жектерге қатысады.
Бұл кезеңде 19 жасқа дейінгі боксшылар бақ сынайды. Жекпе-жектер екі сессияда өтеді: таңертеңгі және кешкі. Қазақстан уақыты бойынша басталуы – 09:00 және 15:00.
Қазақстаннан шаршы алаңға алты спортшы шығады:
Таңғы сессия (09:00):
60 кг: Әділет Тортубек – Ку Шен-Чи (Қытай Тайбэйі) – №11 жұп
70 кг: Бейбарыс Аширбай – Баттумур Ньям-Очир (Моңғолия) – №20 жұп
Кешкі сессия (15:00):
75 кг: Нұрсұлтан Шілдебай – Сангпак Такла (Тайланд) – №2 жұп
80 кг: Тимур Тайбеков – Сапаргелді Нұрыягдиев (Түрікменстан) – №5 жұп
85 кг: Нұрсұлтан Қыстаубай – Азирет Автандилов (Қырғызстан) – №11 жұп
90 кг: Расул Асанханов – Арвин Шахбаейкутонаи (Иран) – №16 жұп.