Данияр Елеусінов бұрынғы менеджерімен татуласып, кәсіпқой боксты жалғастыратын болды

Telegram WhatsApp

Осыған дейін ол 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен

instagram.com/yeleussinovdaniyar/
instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Белгілі кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзінің бұрынғы менеджерімен арадағы дау-дамайдан кейін ары қарай бірге жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Sport Plus Qazaqstan сайтының жазуынша, бұл туралы Зия Әлиевтің өзі мәлімдеген.

«Қазіргі кезеңде бізде үлкен міндеттер тұр. Атап айтқанда, промоушнмен келісімге келіп, қол қою секілді жұмыстар бар. Бұған дейінгі сот кезінде бізде бірнеше ұсыныстар болды. Кейбір промоутерлермен сөйлестік, бірақ әрі қарай жүре алмадық. Осыдан кейін бәрі басқаша болуы керек деп ойлаймын»

деді Әлиев

Бұған дейін Данияр Елеусінов Matchroom Boxing менеджерімен бірге жұмыс істеу туралы шешімге келген болатын. Кейін іс сотқа жетіп, алдын ала тыңдаулар өткен еді. Сондай-ақ, боксшы мен менеджер арасында тек бір жақты келісімшарт қана жасалғаны айтылды. 

Данияр Елеусінов 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіде жеңімпаз атанды. Ол қазақ боксшылары арасында Азия ойындарының екі дүркін жеңімпаз атанған әзірге жалғыз боксшы. Әлем чемпионатының жеңімпазы және күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Азия біріншілігін екі мәрте ұтқан. Бұдан бөлек, АІВА-ның (қазіргі ІВА - ред.) таңдауы бойынша 2013 және 2014 жылдардағы үздік боксшысы.

Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан спортшы 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның алтауында қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты. Сондай-ақ, ол 2021 жылы ІВО нұсқасында әлем чемпионы атанды.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 55 851 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 238 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 492 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 556 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 273 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 163 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 275 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 813 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 496 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 323 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 299 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 476
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›