ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

ҚФФ «Қайрат» матчтарының билет бағасы қымбат екенін айтты

04.11.2025, 15:59

Ең арзан билет бағасы 30 мың теңгеден басталған еді

ҚФФ «Қайрат» матчтарының билет бағасы қымбат екенін айтты
ФК «Қайрат»

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория Алматыда өткен «Қайрат» - «Пафос» матчының билеттері шамадан тыс қымбат болғанын атады.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңдердегі ойындары аясында аталған клубтың ең төменгі билет бағасы 30 мың теңгеден басталған еді.

«Бұл баға өте қымбат деп санаймыз. Алайда билет бағасын клубтың өзі белгілейді, сондықтан біз олардың баға саясатына әсер ете алмаймыз», - деді Лория.

Оның сөзінше, Миландағы қонақтар секторының билеттері шамамен 7 мың теңгеден басталады. Бұл ретте ол аталған бағаны әлдеқайда орынды деп есептеп отыр.

ҚФФ өкілдері алдағы уақытта клубтың ойындарына билеттердің «ақылға қонымды» бағада болатынына үміт білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам