ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Интер» «Қайраттан» кейін сынға ұшырады

Бүгін, 16:06

Матч 2:1 есебімен италиялықтардың пайдасына аяқталғанымен, жеңіс оңайға соқпаған

«Интер» «Қайраттан» кейін сынға ұшырады
ФК «Интер»

Миландық «Интер» Чемпиондар лигасында алматылық «Қайратқа» қарсы өткен ауыр ойынынан кейін сынның астында қалды. Бұл туралы италиялық Sempreinter.com басылымы жазды.

«Сан-Сиро» стадионында өткен матч 2:1 есебімен италиялықтардың пайдасына аяқталғанымен, жеңіс оңайға соқпаған. Команда шешуші голды тек екінші таймда соға алды.

Басылымның жазуынша, «Интердің» ойыны әлсіз көрінген:

«Допқа 66 пайыз иелік етіп, күтілетін голдар көрсеткіші 2,12 болғанына қарамастан, Кристиан Киву жаттықтыратын команда ойында өз деңгейінде көріне алмады. „Қайратты“ жеңіл қарсылас деп ойлап, бұл кездесуді жай жұмыс күні ретінде қабылдағандай әсер қалдырды», — деп жазды Sempreinter.

Материалда атап өтілгендей, Лаутаро Мартинес алғашқы голды соққаннан кейін де «Интер» ойын барысын толық бақылауда ұстай алмады. Ал «Қайрат» қорғаушысы Офри Арадтың екінші тайм басындағы голы италиялықтар үшін нағыз ескерту болған. Нәтижесінде жеңіс «Интерге» тек Карлос Аугустоның алыстан соққан добынан кейін келді.

«Ақыр соңында „Интер“ жеңіске жетті, бірақ олардың ойыны сенімсіз әсер қалдырды. Сондықтан Кивудың командасына алдағы демалыста өтетін „Лациоға“ қарсы Серия А матчы алдында өз ойынын жақсарту қажет», — делінген мақалада.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам