Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Гвардиола «Барселонаға» оралуға дайын екенін айтты

25.02.2026, 16:51

Ол клубпен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. 

Гвардиола «Барселонаға» оралуға дайын екенін айтты
Gareth Copley / Getty Images

Ағылшынның «Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола болашақта «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Испаниялық маман каталониялық клубты 2008-2012 жылдар аралығында жаттықтырып, команданы жаңа дәуірге шығарған еді. Осы аралықта ұжым 14 жүлде жеңіп алды. Соның ішінде екі рет Чемпиондар лигасының кубогын иеленді. Гвардиола клуб тізгінін ұстаған жылдары нәтижемен ғана емес, ойын стилімен де футбол тарихында із қалдырды.

«Егер «Барселона» менімен байланысқа шықса, баруға дайынмын», – деді Гвардиола.

Хосеп Гвардиола – қазіргі футбол тарихындағы ең табысты бапкерлердің бірі. Ол жаттықтырушы ретінде 35-тен астам трофей жеңіп алған. «Барселона», «Бавария» және «Манчестер Сити» клубтарымен бірге ауыз толтырып айтарлық нәтижеге қол жеткізіп, үш рет Чемпиондар лигасын (2009, 2011, 2023) ұтты. Сондай-ақ екі мәрте требл (2009, 2023) жасаған.

Бүгінде Гвардиола – «Манчестер Ситидің» бас бапкері. Оның жетекшілігімен команда 15-тен астам жүлде иеленді. Атап айтқанда, Англия Премьер-лигасын алты рет (оның төртеуі қатарынан) жеңіп алды, 2023 жылы Чемпиондар лигасын ұтты, екі мәрте Англия кубогын, төрт рет Лига кубогын және екі рет Англия Суперкубогын еншіледі.

Ал «Барселонаны» қазір неміс маманы Ханс-Дитер Флик жаттықтырады. Ол бұл қызметке 2024 жылдың мамыр айында тағайындалып, келісімшартын 2027 жылдың жазына дейін ұзартқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам