Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Роналду Еуропаға орала ма? Футболшы Испанияның футбол клубын сатып алды

26.02.2026, 18:41

Ол клубтың 25 пайыз акциясын иеленген. 

Роналду Еуропаға орала ма? Футболшы Испанияның футбол клубын сатып алды
© Abdullah Ahmed / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін UD Almería клубының 25 пайыз акциясын сатып алды.

Андалусия ұжымы 1989 жылы құрылған. Қазір команда Ла Лига 2 турнирлік кестесінде 48 ұпаймен үшінші орында келеді. Маусым аяқталуына 15 тур қалғанда көш бастап тұрған Racing Santander клубынан небәрі екі ұпайға ғана қалыс қалған.

Marca басылымының мәліметінше, мәміле Роналдудың барлық бизнес-жобалары мен инвестицияларын басқаратын CR7 Sports Investments компаниясы арқылы жүзеге асқан.

Роналдудың өзі бұл туралы:

«Мен футболға тек алаңда емес, оның сыртында да үлес қосуды ойлап жүретінмін. «UD Almería» – іргетасы берік қаланған әрі даму әлеуеті айқын клуб. Команданы басқарып отырған ұжыммен бірлесе жұмыс істеп, оны келесі даму кезеңіне шығаруға қолдау көрсеткім келеді», – деді.

Бұл инвестицияны португалиялық жұлдыздың испан футболына қайта оралуы деп бағалап жатқандар бар. Айта кетейік, андалусиялық клуб бір жыл бұрын саудиялық инвестициялық топ иелігіне өткен болатын.

Клуб президенті Мохамед әл-Херейджи Роналдудың шешімін жоғары бағалады:

«Криштианудың біздің клубты инвестиция үшін таңдағанына өте қуаныштымыз. Ол алаңдағы ең үздік ойыншылардың бірі, испан лигаларын жақсы біледі әрі академияда құрып жатқан жобамыздың әлеуетін толық түсінеді».

Роналду «Альмерия» басшысымен тығыз қарым-қатынаста. Айта кетерлігі, дәл осы әл-Херейджи кезінде шабуылшының «Әл-Наср» клубына ауысуына ықпал еткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам