Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Левандовски жарақатынан кейін қорғаныс маскасымен ойнауы мүмкін

05.03.2026, 12:06

37 жастағы футболшы «Вильярреалға» қарсы матчта жарақат алған

Левандовски жарақатынан кейін қорғаныс маскасымен ойнауы мүмкін
Getty Images

«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Роберт Левандовски алған жарақатынан кейін қорғаныс маскасымен жаттығуға кіріскені мәлім болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Польшалық 37 жастағы футболшы 28 ақпанда «Вильярреалға» қарсы өткен матчта (4:1) жарақат алған болатын. Ол ойында қосымша уақытта гол соққан. Алайда дәрігерлер оған аталған матчтан кейін сол жақ көз ұясының сынуы диагнозын қойған.

Осы маусымда Левандовски «Барселона» сапында барлық турнирде 32 матч өткізіп, 14 гол соғып, 3 нәтижелі паспен көзге түсті.

Жарақатына байланысты ол Испания кубогының жартылай финалындағы «Атлетикоға» қарсы жауапты матчқа (3:0) қатыспады. Алғашқы кездесуде мадридтік клуб 4:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Екі ойынның қорытындысы бойынша 4:3 есебімен «Барселона» турнирдің финалына шыға алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам