Егер команда ел чемпионы атанса, келісім автоматты түрде тағы бір жылға ұзартылады.
Словакиялық маман Штефан Таркович «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалмақ, деп хабарлайды AmanVIBE.
Дереккөздің мәліметінше, клуб басшылығы кеше Словакия футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп, маманды техникалық директор қызметінен босату мәселесін реттеген.
53 жастағы бапкер сенбі күні Астана қаласына екі көмекшісімен бірге келеді. Олардың қатарында талдаушы-жаттықтырушы және дене дайындығы бойынша маман бар. Бастапқы кезеңде олар «қызыл-ақтармен» жұмыс істейді.
Тарковичпен келісімшарт «1+1» жүйесі бойынша жасалады. Егер команда ел чемпионы атанса, келісім автоматты түрде тағы бір жылға ұзартылады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы үш турында «Ақтөбе» үш ұпай ғана жинаған.