ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

27.03.2026, 23:46

Айқас сәуірде өтеді. 

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды
©OKTAGON

ММА файтері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов Алматыда өтетін IBA Nomad турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Nomad Fighting промоушені хабарлады.

Аталған жекпе-жек 11 сәуір күні «Алматы Аренада» өтеді. Әзірге қазақстандық спортшының қарсыласы белгісіз.

Ұйым өкілдерінің мәліметінше, UFC-де өнер көрсеткен және еуропалық Oktagon лигасының чемпионы атанған Жұмағұлов Nomad форматында алғаш рет рингке шығады. Бұл ереже классикалық ММА-ден өзгеше: жекпе-жектер бокс рингінде өтеді, бірақ спортшылар ММА қолғаптарымен жұдырықтасады. Сонымен қатар клинч кезінде иықпен соққы жасауға немесе қысқа уақытта ұстасуға рұқсат етіледі, бұл форматты ММА-ге біршама жақындата түседі.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы рет 2025 жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізіп, чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық титулын сәтті қорғаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам