ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Дастан Сәтпаев Лондонға ұшып кетті

27.06.2026, 18:36

Бұл туралы Scout in Eurasia жазды

Дастан Сәтпаев Лондонға ұшып кетті
Әлеуметтік желі

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонға аттанып, жуырда «Челсидің» маусымалды оқу-жаттығу жиынына қосылады.

Бұл туралы Scout in Eurasia парақшасы хабарлап, футболшының әуежайдағы суретін жариялады. Мәліметке сәйкес, Сәтпаев Лондонға анасымен бірге ұшқан, ал ағасы Дархан оны әуежайдан шығарып салған. 

Еске салайық, Дастан Сәтпаев тамыз айында 18 жасқа толады. Осыған дейін ол алматылық «Қайратпен» ресми түрде қоштасып, енді Англиядағы жаңа кезеңіне қадам басты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам