Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Месси Аргентина құрамасы мен жанкүйерлеріне әсерлі жазба арнады

19.07.2026, 11:39

Аргентина әлем чемпионы атағын екі рет қорғаған алғашқы құрама атануы мүмкін

Месси Аргентина құрамасы мен жанкүйерлеріне әсерлі жазба арнады
instagram.com/leomessi

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының финалы қарсаңында командаластары мен жанкүйерлеріне арнап әсерлі жазба жариялады.

39 жастағы шабуылшы Instagram парақшасында қазіргі буынның ең үлкен жетістігі тек жеңіп алған титулдар емес, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұйымшылдық пен бірлік екенін атап өтті.

«Осы жылдардағы ең керемет нәрсе – тек жеңіп алған жүлделер емес, бірге жүріп өткен жолымыз. Командамен өткізген әр күніміз, қиындықтарды бірге еңсеріп, әр сәттен ләззат алғанымыз – бәрі ерекше. Әріптестеріме, бапкерлер штабына және осы құраманың бір отбасы болып қалуы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген жандардың барлығына алғыс айтамын. Ертең не болса да, бұл команда тарих жазып үлгерді. Алға, Аргентина!» – деп жазды Месси.

Нью-Йорктегі «МетЛайф» стадионында өтетін финал Аргентина капитаны үшін ұлттық құрама сапындағы соңғы матч болуы мүмкін.

Егер Лионель Скалони шәкірттері финалда Испанияны жеңсе, Аргентина 1962 жылдан бері әлем чемпионы атағын қатарынан екі рет қорғаған алғашқы құрама атанады. Бұған дейін мұндай жетістікке Пеле мен Гарринча бастаған Бразилия құрамасы ғана қол жеткізген.

Сонымен қатар Аргентина осы әлем чемпионатында 19 гол соғып, өз тарихындағы бір мундиальдағы ең нәтижелі көрсеткішін жаңартты және турнирдің ең көп гол соққан командасы атанып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам