Айбол Әбікен «Қызылжардағы» дебютінде жарақат алып қалды
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен «Қызылжар» сапындағы алғашқы матчында жарақат алып, алдағы екі кездесуге қатыспайды.
Оқиға Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Тобылға» қарсы кездесуде болды. AmanVIBE мәліметінше, 30 жастағы футболшы бұлшықетін созып алған. Соның салдарынан бапкерлер штабы оны ойынның 39-минутында ауыстыруға мәжбүр болды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, Айбол Әбікен 2026 жылдың жазғы трансферлік кезеңінде қызылордалық «Қайсардан» «Қызылжарға» ауысқан болатын. Бұл кездесу оның петропавлдық клуб сапындағы алғашқы ойыны еді.
Қазіргі таңда «Қызылжар» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 16 ұпаймен 15-орында келеді.