Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

185 матч, 120 жеңіс: Франция футбол федерациясы Дешамға алғыс айтып, қоштасты

19.07.2026, 18:11

Дидье Дешам Франция құрамасының бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті

185 матч, 120 жеңіс: Франция футбол федерациясы Дешамға алғыс айтып, қоштасты
Getty Images

Франция футбол федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында әлем чемпионатынан кейін 57 жастағы маманның ұлттық құрамамен қоштасатынын хабарлады. Мәліметке сәйкес, Дешам бірнеше күннен кейін қызметінен ресми түрде кетеді.

Федерация өз мәлімдемесінде тәжірибелі бапкердің француз футболына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Кейбір мансаптар тұтас бір елдің тарихында мәңгі сақталады. Дидье Дешамның еңбегі 185 матч пен 120 жеңістен әлдеқайда ауқымды. Ол құрамаға жеңіске деген ұмтылыс пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырды. Дешам көптеген футболшының әлеуетін ашып, түрлі буын өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіре білді және ұлттық құрама мен француз халқы арасындағы байланысты нығайтты», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Франция футбол федерациясы Дидье Дешамға ұлттық құрамадағы көпжылдық еңбегі үшін алғыс айтып, оның француз футболының тарихында айрықша із қалдырғанын атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам