Еркебұлан Тоқтар таеквондодан тарихи алтын алған спортшыға көрімдік берді

Темірлан Тілеулес Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алған

Видеодан кадр
Видеодан кадр

ММА файтері, актер Еркебұлан Тоқтар 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алған таеквондошы Темірлан Тілеулесті құттықтап, оған 100 доллар (шамамен) көлемінде көрімдік берді.

Танымал файтер жас спортшымен кездескен сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялады.

Темірлан Тілеулес Жапонияда өткен 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында 58 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Ол жарыс барысында Оман, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде қазақстандық таеквондошы Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосадан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Темірлан Тілеулес жазғы Азия ойындарының тарихында таеквондодан алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам