«Панатинаикос» құрамында бірнеше негізгі ойыншы болмайды
Грекиялық «Панатинаикос» клубының бас бапкері Якоб Нееструп «Қайратқа» қарсы УЕФА Конференция лигасының матчына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Алматыға грек командасы 24 футболшымен келеді.
Алайда «Панатинаикос» құрамында бірнеше негізгі ойыншы болмайды. Атап айтқанда, Кристиансен, Адриано Ягушич және Аззедин Унаи алматылық клубқа қарсы кездесуге қатыспайды.
«Панатинаикостың» құрамы
Қазақстанға келетін 24 футболшының тізіміне қақпашылар мен алаң ойыншылары енген. Олар: Пенья, Коцарис, Гитонас, Калабрия, Цапрас, Кириакопулос, де Врей, ван Дронгелен, Палмер-Браун, Катрис, Камара, Кангва, Луза, Чиривелья, Контурис, Биниарис, Таборда, Пельистри, Антино, Ливай Гарсия, Тетей, Дессерс, Растодер және Нембис.
Грекиялық команда 20 қазанда таңертең Қазақстанға ұшып келеді. Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур матчы 22 қазанда Алматының Орталық стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Еске салайық, «Қайрат» турнирдің алғашқы турында сырт алаңда Латвияның «Рига» клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен еді.