Хвича Кварацхелия «Барселонаға» қарсы ойында ауыр жарақат алды

Алдын ала болжам бойынша, Хвичаның тізесіндегі алдыңғы айқас байламы үзіліп кетуі мүмкін

Reuters
Reuters

«ПСЖ» шабуылшысы Хвича Кварацхелия Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Барселонаға» қарсы болған матчта ауыр жарақат алып, қатардан шығып қалды.

Жарақаттың қаншалықты ауыр болғанын және оған хирургиялық операцияның қажеттілігін білу мақсатында 21 қазанда футболшы МРТ процедурасынан өтуі керек. Алдын ала болжам бойынша, Хвичаның тізесіндегі алдыңғы айқас байламы үзіліп кетуі мүмкін.

Аталған матч 4:2 есебімен «ПСЖ»-ның пайдасына шешілді. Хвича Кварацхелия 59-минутта жаоақатына байланысты алаңнан кетті.

Жалпы, биылғы маусымда грузин шабуылшысы париждік клуб сапында 11 ойын өткізіп, екі гол соқты және нәтижелі бір пас берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам