«Барселона» париждік жанкүйерлердің баннері үшін УЕФА-ға шағым түсірмекші

Баннердің төменгі жағына «Париждегі қанды қырғын» деген жазу жазылған

David Ramos — UEFA/UEFA via Getty Images
David Ramos — UEFA/UEFA via Getty Images

«Барселона» басшылары Чемпиондар лигасының үшінші турында «ПСЖ» клубынан жеңіліп қалғаннан кейін париждік жанкүйерлердің әрекетіне наразылық білдірді. Тіпті, УЕФА-ға ресми шағым түсіретінін айтып отыр.

Матч басталарда трибунадағы фанаттар «The Texas Chain Saw Massacre» фильміндегі маньяктың үлкен баннерін алып шыққан. Онда маньяк «ПСЖ» жейдесін киіп, «Барселонаның» логотипін арамен кесіп тұрғаны бейнеленген. Және төменгі жағына «Париждегі қанды қырғын» деген жазу жазылған.

Парижде қанды қырғын болмаса да, «ПСЖ» «Барселонаны» сенімді түрде жеңді. Алаң иелері каталондықтар қақпасына төрт гол соқса, өз қақпасына небәрі екі доп жіберіп алды.

Еске салайық, дәл осындай баннер оқиғасы өткен аптада Қазақстан Премьер-лигасында да тіркелді. Ақтөбелік фанаттар «Ордабасы» клубын және Өзбекстанны туын қорлайтын лозунгтарды трибунаға алып келіп, басы дауда қалған еді. Полиция аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, тәртіп бұзғандарға ауызша ескерту жасады. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам