Соған қарамастан «Аль-Наср» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді
Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «НЕОМ» клубына қарсы матчта пенальтиді голға айналдыра алмады. Соған қарамастан «Аль-Наср» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.
Ойынның бірінші таймына қосылған алтыншы минутта Жоау Феликс қарсылас қорғаушысы Мұхаммед әл-Доссаридің ережені бұзуынан кейін пенальтиге қол жеткізді. Бас төреші бейнеқайталауды (VAR) қарап, 11 метрлік айып добын белгіледі.
Допқа Криштиану Роналду жақындады. Алайда португалиялық шабуылшы 45+6-минутта қақпаны дәл көздей алмай, мүмкіндігін пайдалана алмады. Осылайша, командалар үзіліске есеп ашылмаған күйде кетті.
Екінші таймда «Аль-Наср» қарсылас қақпасынан саңылау тауып, жеңіс голын соқты. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды.