"Ордабасы" чемпиондығы: Ермұхамед Мәулен мен Марат Достаев дауласып қалды

Telegram WhatsApp

Құрметті БІРІНШІ БОЛ көрермені. Біз үнемі сапалы контент ұсынудан шаршадық, сол себепті бүгінгі подкастың сапасына кешіріммен қараңыздар.

"Ондай-ондай ханның қызында да болады" демекші, біздің де басымыздан өтіп жатыр. Осындай сапасыз видео үшін шымкенттік операторларға "алғыс" айтамыз. Той түсіріп әдеттенген адамға қалай ҚОЙ дейміз! Қолын қақпадық, түсіргенін жариялап отырмыз. Оларға түсірілім үшін ақысы төленді, ал біз қарымтасына сапасыз видео алдық.

Кішігірім спойлер: подкаст барысында үйін ремонттап, бұрғылап (дрель) жатқан бір шымкенттіктің әрекетін анық естисіз. Үшеуара әңгіме бітетін тұста жарық сөніп қалып, әпенділіктің шыңына жетеміз. Бұл подкаст осындай "қожанасыр" тірлікпен, әсіре әпенділікпен есте қалды. 

Қысқасы, Шымкент төрінде "Орбасының" тарихи жеңісі туралы, тырнақалды чемпиондығы жайлы сөз қозғадық. Көп қызық айтылды. Белгілі КВН-ші Марат Достаев "Ордабасы" жеңісіне қалай қуанғанын айтса, белгілі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен шымкенттік клубтың болашағы жайлы кеңінен көсілді.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 55 549 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 229 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 492 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 545 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 273 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 161 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 273 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 813 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 495 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 322 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 475