Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақстанның әйелдер құрамасы Армениядан жеңіліп қалды

31.05.2024, 23:19

Ойында толыққанды басымдыққа ие болған қазақстандық қыздар 90 минут бойы шабуылдап, армяндар қақпасына небәрі бір гол соқты

Қазақстанның әйелдер құрамасы Армениядан жеңіліп қалды
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Арменияның футболшы қыздарынан жеңіліп қалды.

Арменияның Армавир қаласында өткен ойында құраманы алаңға Бибігүл Нұрышева бастап шықты. Сондай-ақ, Германияның «Турбине Потсдам» клубының шабуылшысы Әмина Бибосынова ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізді.

Бас бапкер Мадияр Кембілов алаңға мына құрамды шығарған болатын:

  • Ангелина Портнова (қақпашы)
  • Мария Демидова
  • Анастасия Низамутдинова
  • Камила Құлмағамбетова
  • Аида Гайстенова
  • Бибігүл Нұрышева
  • Әсем Қаражанова
  • Қазына Норбаева
  • Светлана Бортникова
  • Әмина Бибосынова
  • Әселхан Тұрлыбекова

Алаң иелері ойынды сенімді бастап, алғашқы таймда есеп ашты. Анна Даллакян 13-минутта мергендігімен көзге түссе, екінші таймның басында құрама капитаны Марал Артин пенальтиден есепті ұлғайтты.

Қазақстан құрамасы қарсылас қақпасына қауіпті шабуылдар жасағанымен, бірде қақпашы орнынан табылса, енді бірде соққы қиыс кетіп жатты. Дегенмен, ойынның 70-минутында Камила Құлмағамбетованың алыстан тепкен соққысы қақпадан табылып, есеп айырмашылығы қысқарды. Өкінішке қарай, осы есеп матчтың соңына дейін сақталып қалды.

Құрама сапындағы жалғыз голдың авторы Камила қателіктерден сабақ алып, тиісті нәтиже шығарамыз деп отыр.

«Берілген мүмкіндіктің бәрін пайдалануымыз керек еді. Себебі гол соғатын сәттер көп болды. Дегенмен, екінші таймда ғана жүзеге асыра алдық. Бұл аздық етті. Жанкүйерлеріміздің алдында бүгін иелік ету керек үш ұпайды еншілейміз деп үміттенемін. Өз алаңымызды қолдаушыларымызды қуанту үшін барымызды саламыз. Өкінішке қарай, төрешілік те жоғары деңгейде болды деп айта алмаймын, кейбір шешімдері ойын нәтижесіне өзгеріс енгізгені анық», - деді Құлмағамбетова.

Енді құрамамыз 4 мамыр күні Алматыда қарымта кездесу өткізіп, кеткен есені қайтаруға тырысады.

Армения - Қазақстан: 2:1 (1:0)
Армавир, «Қалалық» стадионы
Төреші: Елена Гобжила (Молдова).
Голдар: Даллакян, 13, Артин, 49 (пен.) - Құлмағамбетова, 70

Армения
1. Алина Погосян, 2. Милана Варданян, 3. Светлана Карагезян, 5. Лиана Казарян, 6. Лара Казанчян, 7. Анна Даллакян, 9. Оксана Пизлова (8. Клаудия Чолакян, 37), 10. Марал Артин (кап.) , 11. Вероника Асатрян, 16. Ани Сафарян, 22. Ани Гукасян
Қосалқы құрам: 12. Лилит Бабаян, 23. Шогик Сардарян, 13. Татев Хачатрян, 14. Элина Мартиросян, 15. Лусине Костанян, 18. Марине Карапетян, 19. Милена Саядян, 21. Асмик Григорян
Бас бапкер: Артак Адамян

Қазақстан:
1. Ангелина Портнова, 5. Мария Демидова, 6. Анастасия Низамутдинова (14. Валерия Попова, 73), 7. Камила Құлмағамбетова, 8. Аида Гайстенова (18. Александра Бурова, 60), 9. Бибігүл Нұрышева (кап.), 10 Әсем Қаражанова (3. Ксения Хайрулина, 60), 11. Қазына Норбаева (22. Алина Лозукова, 84), 13. Светлана Бортникова (19. Полина Тучина, 60), 15. Әмина Бибосинова, 21. Әселхан Тұрлыбекова
Қосалқы құрам: 12. Виктория Зейнали, 2. Маргарита Талдыкина, 4. Милана Егиазарян, 16. Назым Алданазар, 17. Аяжан Қожабекова, 20. Камила Совет, 23. Анастасия Власова

Төртінші топта қатырынан екінші рет жеңіске жеткен Армения құрамасы 6 ұпаймен екінші сатыға көтерілді. Көш басында тұрған Румынияда да 6 ұпай бар. Үшінші орынға 3 ұпаймен Болгария жайғасса, Қазақстан топта төртінші орында тұр.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өз топтарында бірінші орын алған құрамалар мен екінші орын алған үштік қатысады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам