Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары «Реал» ойыншыларымен кездесіп, фотосессия жасаған (ВИДЕО)

09.06.2024, 22:55

Ол сондай-ақ, Зинеддин Зиданмен сұхбат туралы айтты

Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары «Реал» ойыншыларымен кездесіп, фотосессия жасаған (ВИДЕО)
tiktok.com/@laila_sultankyzy

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын ертіп, Испания астанасы Мадридке барып қайтқан.

Тележүргізушінің ұлдары Чемпиондар лигасының жеңімпаздары – «Реал» футболшыларымен суретке түскен. Атап айтқанда, олар Винисиус, Милитао, Вальверде, Родриго, Куртуа, Менди, Диас сияқты жұлдыздармен жолыққан.

«Осы жігіттерді көру үшін Испаниядағы «Реалдың» жаттығу лагеріне бардық. Олардың бәрі қарапайым. Екі томпақ қазақ баласын құшақтап, суретке түсті. Доптарын сыйлады», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол сондай-ақ, «Реал» мен Франция құрамасының аңыз ойыншысы, «Реалды» ұзақ жылдар жаттықтырған Зинеддин Зиданмен сұхбат туралы да жазды. Алайда, толыққанды ақпарат берген жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам