Келіссөздер уақытша тоқтап тұрған секілді
«Бешикташ» қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің «Зенитке» трансфері жүзеге аспай қалуы мүмкін. Kartal Record мәліметінше, Зайнутдинов «Зенит» басшылығына Ыстамбұл клубынан кеткісі келмейтінін жеткізген.
Бұған дейін Петербург клубы 26 жастағы қазақстандық футболшы үшін «Бешикташқа» 5,5 млн еуро ұсынған. Дегенмен қазір келіссөздер уақытша тоқтап тұрған секілді.
Мұның алдында «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Жедсон Фернандештің де «Зенитке» ауысатыны айтылған.
Зайнутдинов «Бешикташ» сапына 2023 жылғы жазда ауысты. Ол түрік клубында 37 матчта алаңға шығып, бір голмен көзге түсті. Оның ыстамбұлдық командамен келісімшарты 2027 жылғы 30 маусымға дейін есептелген.
Оның алдында Зайнутдинов Ресейдің ЦСКА және «Ростов» клубтарында өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін «Бешикташ» клубының бас бапкері Зайнутдиновты командада көргісі келмейтіні туралы жазған едік.