“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Мбаппені көруге 100 мыңнан астам адам кезекте тұр

12.07.2024, 16:39

3 маусым күні «Реал» Мбаппемен бес жылдық келісімшартқа қол қойды

Мбаппені көруге 100 мыңнан астам адам кезекте тұр
Getty Images Sport

16 шілде күні Мадридтің «Реал» клубы «Сантьяго Бернабеу» стадионында клубтың жаңа ойыншысы ретінде Килиан Мбаппені таныстырады.

Жергілікті БАҚ өкілдері бұл іс-шараға билетке сұраныс өте жоғары екенін жазуда. Madrid Xtra мәліметінше, 100 мыңнан астам адам кезекте тұр. Билеттер тегін беріледі. Сөйте тұра стадионның сыйымдылығы 85 мың көрерменді құрайды.

Айта кетейік, 3 маусым күні «Реал» Мбаппемен бес жылдық келісімшартқа қол қойғанын жариялады. Шабуылшы «корольдік» клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Мбаппе 2017 жылдан бері «Пари Сен-Жермен» сапында өнер көрсетіп, клуб сапында алты рет 1 лигада, төрт рет Франция кубогында, үш рет Франция суперкубогында және екі рет Франция лигасының кубогында топ жарды.

Жеті жылда ол клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанып, 308 матчта 256 гол соққан және 108 нәтижелі пас берген. Бұған дейін Мбаппе «Монако» клубында ойнаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам