Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Нұралы Әліптің командасы Ресей Суперкубогін бесінші жыл қатарынан жеңіп алды

14.07.2024, 02:31

Қазақ футболшысы алаңда жарты сағаттан астам ойнады

Нұралы Әліптің командасы Ресей Суперкубогін бесінші жыл қатарынан жеңіп алды
Чемпионат

Футболдан Ресей Суперкубогінің иегері анықталды. Бұл жолы да оны питерлік «Зенит» клубы жеңіп алды. Қазақ футболшысы Нұралы Әліп ойнайтын команда аталған трофейді осымен бесінші жыл қатарынан (2020-2024) иемденіп отыр.

Суперкубок үшін талас «Зенит» пен «Краснодар» арасында өткен болатын. Жанкүйерлер 90 минутта соғылған алты голдың куәсі болды.

Есепті 13-минутта «Зенит» қорғаушысы Родригао ашты. 33-минутта Вендел питерліктердің екінші голын соқса, 43-минутта Максим Глушенков таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

Краснодарлық команда екінші таймда жинақы ойнады. Нәтижесінде 65-минутта Никита Кривцов есепті қысқартқан. Алайда, араға небәрі үш минут салып Глушенков «Краснодар» қақпасына төртінші голды соқты. 70-минутта Федор Смолов есепті тағы қысқартқан. Бірақ, одан әріге Мурад Мусаев шәкірттерінің қауқары жетпеді.

Айта кетейік, Нұралы Әліп матчтың 66-минутында алаңға шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам