![Өзбекстанның жас футболшылары әлем чемпионатында Франциядан жеңілді](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/11/26/6562c3c2aee17947985735.webp)
Өзбектер бұған дейін азулы Англияны жеңіп, чемпионат сенсациясын жасаған еді
Индонезияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы футболдан әлем чемпионатында Франция құрамасы (U-17) ширек финалда Өзбекстанды жеңді.
Есте болса, өзбек футболшылары 1/8 финалда Англия құрамасын жеңіп, турнирдің басты сенсациясын орнатқан болатын. Ширек финалда олар Франциядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың 83-минутында Исмаил Бунеб есепті ашып, командасына жеңіс алып келді.
Француздар енді жартылай финалда Мали командасымен финал жолдамасын сарапқа салатын болады.