ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Теннисші Жібек Құламбаева Бразилиядағы турнирдің финалына шықты

05.10.2024, 10:09

Жарыстың жүлде қоры 75 мың долларды құрайды

Теннисші Жібек Құламбаева Бразилиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында финалға шықты. Ол италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге жұп құрып, жарыс чепиондығына таласады.

Жартылай финалда 24 жастағы қазақ теннисшісі Фосса Уэргомен бірге Таиса Педретти (Бразилия)/Ноэлия Себальос (Боливия) жұбын 7:6(1), 6:1 есебімен жеңді.

Енді финалда отандасымыз Элени Христофи (Грекия) мен Аврора Зантедеши (Италия) жұбымен кортқа шығады. Финалдық кездесу Астана уақытымен 6 қазанға қараған түнде болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×