Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан Еуропа чемпионатына іріктеуде Шотландияны ұтты

15.10.2024, 23:25

Топтық кезеңді біздің елдің құрамасы бесінші орынмен аяқтады

Қазақстан Еуропа чемпионатына іріктеуде Шотландияны ұтты
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан жастар арасында 2025 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Алматыда Шотландияны қабылдады.

Қазақстан сапынан негізгі құрамда мына ойыншылар алаңға шықты: Анарбеков, Кургин, Широбоков, Жұмаханов, Қасаболат, Қалмырза, Айманов, Назымханов, Кенжебек, Абдулла, Свиридов.

Ойынды қонақтар ширақ бастаған, алайда 30-минутта Айбар Абдулла есеп ашып, жанкүйерлерді қуантып қойды. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды. Екінші кезеңде Леннон Миллер таразы басын теңестірсе, Дейн Маррей айып алаңында ереже бұзып, алаңнан қуылды. Ал Әділбек Жұмаханов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай Ян Труфанов есепті 3:1-ге жеткізсе, Жереми Мюллен есеп айырмасын қысқартты – 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай еншілеп, В тобында бесінші орынға жайғасты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам