Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Милан» тізгінін әйгілі Златан Ибрагимович ұстауы мүмкін

11.12.2023, 12:09

Швед футболшысы биыл карьерасын аяқтаған болатын

«Милан» тізгінін әйгілі Златан Ибрагимович ұстауы мүмкін
globallookpress.com

Италиялық «Миланның» иелері команданың соңғы нәтижелеріне көңілі толмайтынын ашық білдірді. Яғни, жақын күндері Стефано Пиоли отставкаға кетуі мүмкін.

Егер маусым соңына дейін «Милан» бапкерсіз қалса бұл қызметті уақытша жастар командасының жаттықтырушысы Иньяцио Абате мен Златан Ибрагимович бірге атқаруы мүмкін. Златанның бапкерлік лицензиясы болмағандықтан, ол клуб басшылығымен тікелей жұмыс істейтін менеджердің рөлінде болады.

Ибрагимович спорттағы мансабын биыл осы «Миланда» аяқтаған. Соңғы уақытта ол команданың ойындарына үнемі келіп, ойыншыларға ақыл-кеңесін айтып жүр. Десе де, ол ресми ешқандай қызметте емес.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам