Ұлды болған Сәкен Бибосынов көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан кейін бірнеше рет жарақат алып, ірі жарыстардан шет қалды.

Сәкен Бибосыновтың Instagram-парақшасынан
Сәкен Бибосыновтың Instagram-парақшасынан

Бокстан Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов ұлды болды. Тұңғышын ұзақ уақыт күтсе керек, даңқты спортшы қуаныштан көз жасын тыя алмады.

Боксшының айтуынша, келіншегі бұған дейін үш рет құрсақ көтерген екен. Алайда, бала тұрмаған. Осы жолы сәби аман-есен дүниеге келіп, ата-анасына мол қуаныш сыйлапты.

«Бұл қуанышқа жеткенше тағдырдың талай сынағынан өттік. Үш перзентімізден айырылдық… Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады. Ата-ана үшін баласынан айырылудан ауыр қайғы жоқ шығар… Біз де үнсіз жыладық, іштей күйзелдік. Бірақ Алладан үмітімізді үзбедік. Дұға еттік, күттік, сендік. Сабыр сақтап, Жаратқаннан медет сұрадық. Бүгін сол дұғаларымыздың біріне жауап келгендей…», - деп жазды Бибосынов өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан кейін бірнеше рет жарақат алып, ірі жарыстардан шет қалды. Жуырда ол омыртқасын ауыр жаралап, қайтадан емделуге мұқтаж болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам