Ол Қазақстан құрамасымен сәтсіз маусым өткізді
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов РПЛ-де жұмыс істеуі мүмкін деген сыбыс шыққан болатын. Жаттықтырушы Ресей чемпионатындағы матчтарға барып, ЦСКА командасының ойындарын тамашалаған.
Дегенмен, ЦСКА-ның экс-ойыншысы Александр Гришин бұл сыбыстың шындыққа жанасуы екіталай дейді. Мұндай пікірін ол «Спорт день за днем» сайтының тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Мұндай тақырыпты көтерудің өзі түсініксіз. ЦСКА-ның қазір өз бапкері бар, командада жұмыс жүріп жатыр. Айтарлықтай проблема жоқ. Клубқа Черчесовты әкелуге ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын», - деді Гришин.
Айта кету керек, қазір мәскеулік клубты серб Марко Николич жаттықтырып жүр. Ал, Черчесовтың Қазақстан құрамасымен келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін.