Магомед Адиев кезінде Қазақстан құрамасының деңгейі көтерілгенін атап өткен
Ресейдің Championat.com порталы «Ресейдегі жыл сюжеттері» атты мақала жариялап, оған Қазақстан құрамасын баптайтын Станислав Черчесов те енді.
«Магомед Адиев Қазақстан құрамасының көрсеткішін көтеріп, құрама Ұлттар лигасының екінші дивизионына шығып қана қоймай, соңына дейін Еуропа чемпионатының жолдамасына таласты. Сонан соң бапкер «Ахматты» баптауға кетті, ал оның орнына Станислав Черчесов тағайындалды. Дегенмен әзірге оның қолынан келер емес. Иә, Ұлттар лигасындағы қарсыластар өте күрделі — Беньямин Шешкосы бар Словения, Эрлинг Холанды бар Норвегия және Конрад Лаймері бар Австрия. Қазақстандықтар бұлардың барлығынан деңгей жағынан әлдеқайда төмен. Бірақ небәрі бір ұпай ғана еншілеп, 15 гол өткізіп, бір де бір гол соға алмайтындай емес шығар. Одан қалды 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі баспасөз конференциясында қазақ тіліне қатысты әзіл айтамын деп екі рет басы дауға қалды. Себебі одан дәл осыны күтпегені анық», — деп жазды сайт.