Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Тұран» директорсыз қалды, «Тараз» басшысы да қызметтен кетеді – Ермұхамед Мәулен

26.12.2023, 15:21

«Тараз» бүгінгі таңда Бірінші лигада өнер көрсетіп жатыр

«Тұран» директорсыз қалды, «Тараз» басшысы да қызметтен кетеді – Ермұхамед Мәулен
KazFootball.kz

«Тараз» футбол клубының директоры Жандос Ахметов ақыры қызметінен кететін болды деп хабарлады белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында.

Еске салсақ, бұған дейін Ж.Ахметов «Бірінші бол» YouTube-каналына сұхбат беріп, «Тараз» клубының қарызын қалай жапқаны туралы, жұмыс істеуге кедергі келтіретін факторлар мен адамдар туралы мәлімлеген болатын.

Жандос Ахметов 2022 жылдың басында «Тараз» футбол клубының директоры болып тағайындалған. Оған дейін клубтың қарызы 1 млрд теңгеден (3 млн доллар) асып кеткен еді. Айтуынша, қазіргі берешек 400 млн теңгенің шамасында.

«“Тараз” футбол клубының директоры Жандос Ахметов қызметінен босайды. 5 қаңтардан бастап “Таразға” жаңа басшы келеді. Облыс басшысы осындай шешім шығарды. Қарызға белшесінен батқан клубты қайта қалпына келтірген Жандос Ахметов нағыз кризис-меннеджер екенін дәлелдеді», - деп жазды Е.Мәулен.

Сондай-ақ, Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасында да ауыс-түйіс болады. Қазіргі таңда клубтың басшысы жоқ. Облыс әкімдігі бұл лауазымға білікті менеджер іздеп жатқан көрінеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам