Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 150 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 150 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Станислав Черчесов өзінің Қазақстан құрамасынан не үшін шығарылғанын білмейді

04.02.2025, 10:29

Ол ұлтты құрама ойыншыларымен бір рет кездесіп, ішінде қалып кеткен әңгімесін айтқысы келеді

Станислав Черчесов өзінің Қазақстан құрамасынан не үшін шығарылғанын білмейді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған ресейлік маман Станислав Черчесов қызметтен не үшін қуылғанын өзі түсінбейтінін айтты. «Матч-ТВ» тілшісіне сұхбат берген экс-бас бапкер ҚФФ президентімен арада болған әңгіме туралы да сөз қозғады.

Еске салайық, 27 қаңтар күні Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтің отставкасын жариялады.

– Басшылықтың неге көңілі толмады? Өзара әңгімелескенде не айтты бұл туралы?

– Маған ешқандай кінә артқан жоқ. Біз өте жақсы сөйлестік. Мен оған өзімнің жоспарымды көрсеттім. Ол бәрін көрді. Егер көңіліңіз толмаса кез келген сұраққа жауап беруге дайынмын деп өзім сөз қозғадым. Арада уақыт өтті. Осындай шешім қабылданды. Мен не үшін деп сұрамадым.

– Не үшін кеткеніңізді білгіңіз келмеді ма?

– Маған қызық емес.

– Ішіңізде реніш қалып кеткен жоқ па?

– Біз әдетте футболшылармен ғана тікелей жұмыс істесеміз. Соларға айтарым бар ішімде қалып қойған. Мүмкіндік болса бір сөйлесер едім.

– Бұл тәжірибеден қандай сабақ алдыңыз?

– Егер бірінші жұмысым болса көп нәрсе айтар едім. Бірақ, мен келе салысымен бәрімен ортақ тіл табысып кеттім. Тек бірінші баспасөз мәжілісі сәтсіздеу өтті, неге екенін білмеймін.

Еске салайық, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін былтыр жазда ұстап, жеті айдай жұмыс істеді. Оның кезінде ұлттық құрама бірде-бір матчта жеңіске жетпей, тіпті бірде-бір гол соға алмады.

Ал, Черчесовтің бірінші баспасөз мәжілісінде ол қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке ұрысып, орысша сөйлеуін талап еткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам