Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ойын тең аяқталады»: танымал бапкер Дания – Қазақстан матчына болжамын айтты

14.10.2023, 17:33

Букмекерлер болса Данияның ірі есеппен жеңетініне сенімді

«Ойын тең аяқталады»: танымал бапкер Дания – Қазақстан матчына болжамын айтты
kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған танымал бапкер Арно Пайперс бүгін Копенгагенде өтетін ойынға өз болжамын айтты деп жазады РБ.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде H тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан футболшылары қазанның 15-нен 16-на қараған түні Дания құрамасымен кездеседі.

«Әрине, Қазақстан командасының бұл кездесуден ұпай алатын мүмкіндігі бар, бұған дейінгі ойындарда олар өте жақсы ойнады. Ал, Дания құрамасы болса енді алаңға қарсыласын менсінбей шықпайтын болады. Сондықтан, бұл ойында гол көп болады деп ойлаймын. 

Қонақтар енді қорғаныста жатып алмайды, арасында шабуылға шығып, гол соқпаса жағдайы қиындайды. Тек қорғаныспен ғана ойынды өткізу мүмкін емес бұл жолы.

Мені ойымша, матч теґ аяқталады, есеп 2:2 болады», - деді Арно Пайперс.

Еске салайық, қос құраманың Астанада өткен ойыны 3:2 есебімен аяқталып, Қазақстан футболшылары жеңіске жеткен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам