Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақстанның сұлу боксшысы чемпиондық атаққа қол жеткізді

05.09.2025, 22:44

Ангелина Лукаспен айқасы неліктен өтпегенін де түсіндірген болатын.

Қазақстанның сұлу боксшысы чемпиондық атаққа қол жеткізді
Фото: Aidos Media

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 KO) 5 қыркүйек күні Алматыда жекпе-жек өткізді.

Жерлесіміз екінші жеңіл салмақ дәрежесінде үндістандық Мамта Сингхпен (8-2-1, 5 KO Universal Boxing Organization (UBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Он раундқа жоспарланған кездесу төртінші раундта Балаусаның техникалық нокаутымен аяқталды.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленді.

Еске сала кетейік, Балауса Мұздыман соңғы кездесуін 5 сәуірде Астанада өткізген болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 KO) сегіз раундтық айқаста төрешілердің ортақ шешімімен жеңген.

Сонымен қатар ол көпшілік күткен Ангелина Лукаспен айқасы неліктен өтпегенін де түсіндірген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам