Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Бекзат Нұрдәулетов алты жылдан кейін әлем чемпионатына қатысып жүлдесіз қалды

10.09.2025, 09:38
Бекзат Нұрдәулетов алты жылдан кейін әлем чемпионатына қатысып жүлдесіз қалды
ҰОК

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында күтпеген жерден жарыстан шығып қалды.

1/8 финалдағы кездесу

2019 жылғы әлем чемпионы әрі 2024 жылғы Азия чемпионы Нұрдәулетов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Грузия өкілі Георгий Кушиташвилимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, төрешілерден 5:0 есебімен жеңісті берген.

Алайда екінші және үшінші раундтарда жағдай өзгерді. Кушиташвили тактиканы өзгертті де, шешуші сәттерде басымдықты өзіне алды. Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің шешіммен грузиялық спортшының пайдасына шешілді.

Осылайша Георгий Кушиташвили ширек финалға жолдама алып, медаль үшін таласты жалғастырады. Ал Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтап отыр.

Айта кетейік, бұл жарыс - World Boxing ұйымының тарихындағы ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Турнир Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр және 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам