ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Ақтөбе» футболшысының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

13.10.2025, 14:39

Жас спортшы клуб сапында QJ League турнирінде өнер көрсеткен

«Ақтөбе» футболшысының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
әлеуметтік желі

Ақтөбеде 15 жастағы футболшы мен тағы екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, 12 қазан күні кезекші бөлімге Кутуев көшесіндегі 27-үйде болған оқиға туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт белгілерін анықтамағанымен, үй ішінен үш адамның мәйітін тапқан.

«Қазіргі уақытта полиция департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, қаза тапқандардың бірі — «Ақтөбе» футбол клубының 16 жасқа дейінгі командасының ойыншысы Арон Мұса. Жас спортшы клуб сапында QJ League турнирінде өнер көрсетіп жүрген.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам