«Астана» клубының ерекше жазбасы қызу талқыға түсті
Футбол жанкүйерлері әлеуметтік желіде «Астана» клубының ерекше жазбасын қызу талқылап жатыр. Команданың ресми парақшасы алдағы «Астана» – «Ақтөбе» матчының билеттері бар болғаны 500 теңгеден басталатынын жариялап, жазбасында есеппен келтірілген мысалдар келтірген:
«30 000 ÷ 500 = 60 билет
75 000 ÷ 500 = 150 билет
150 000 ÷ 500 = 300 билет
250 000 ÷ 500 = 500 билет».
Көпшілік бұл жазбаны жақында «Қайрат» клубының матч билеттері 30–250 мың теңге аралығында сатылған жағдаймен салыстырып, «Астана» клубының астарлы троллингі деп қабылдады.
Жанкүйерлердің пікірінше, бұл жазба арқылы елордалық клуб өздерінің қолжетімді бағасын атап өтіп, халықтық команда екенін меңзеген.
Жазба соңында «Астана» жанкүйерлерге арнап: «Нағыз халықтың командасы сізді 19 қазан күні стадионда күтеді!» - деп жазды.
Желі қолданушылары әзіл аралас пікір қалдырып, «Астана» мен «Қайрат» арасындағы «баға шайқасы» жаңа деңгейге шыққанын айтып жатыр.