ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Рафаэль Оразбахтин «Интерге» қарсы матч алдында күтпеген шешімін түсіндірді

05.11.2025, 10:35

Бас бапкер Азамат Тұяқбаевтың U19 командасына жіберу себебі туралы айтты

Рафаэль Оразбахтин «Интерге» қарсы матч алдында күтпеген шешімін түсіндірді
Видеодан кадр

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин жартылай қорғаушы Азамат Тұяқбаевтың U19 командасына жіберу себебін және алдағы ойын алдында жас футболшыларды пайдалану жоспары туралы айтты. Бұл туралы футбол маманы ASnews.kz басылымына берген сұхбатында атап өтті.

«Тұяқбаев U19 құрамында ойнайды. Біз оның толық бір матч өткізгенін қалап отырмыз. Себебі негізгі командада ол тек 10-15 минут қана алаңға шығатын еді. Сондықтан бұл шешім оның дамуына пайдалырақ болады деп есептеп отырмыз», - деді Уразбахтин.

Бапкер жас ойыншылардың барлығы командаға қосылуға дайын екеніне тоқталып өтті.

«Жас жігіттердің бәрі де алаңға шығуды қалайды. Барлығы бар күшін салып дайындалып жатыр. Әрине, алаңда өзіміздің ойыншылар көбірек болса дейміз. Ертеңгі ойында жағдайға қарай бір-екеуіне мүмкіндік береміз. Себебі халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтасын. Бәрін ойын көрсетеді», - деді бас бапкер.

«Қайрат» 5-нен 6 қарашаға қараған түні Миландағы әйгілі «Джузеппе Меацца» аренасында УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында италиялық «Интермен» ойын өткізеді.

Үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде әзірге 1 ұпай ғана бар. Бұл нәтижеге алматылық клуб Кипрдің «Пафосымен» (0:0) тең түскен матчтың арқасында қол жеткізді. Бұған дейін Оразбахтин шәкірттері мадридтік «Реалға» (0:5) және лиссабондық «Спортингке» (1:4) жол берген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам