Дмитрий Николаев 2026 жылдың қаңтарынан бері «Трактор» сапында өнер көрсетіп келеді
Астананың «Барыс» клубына ауысатын ресейлік қақпашы Дмитрий Николаев үшін челябілік «Трактор» алатын өтемақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды «Сила Спорта» басылымы.
Дереккөздің мәліметінше, екі клуб арасындағы келісім бойынша «Трактор» Николаевтың ауысқаны үшін небәрі 1000 ресей рублін алады. Бұл Ұлттық банктің 2026 жылғы 12 қарашадағы ресми бағамымен шамамен 5370 теңгеге тең.
Қақпашының «Барысқа» ауысатыны туралы ресми хабарлама жақын арада жариялануы мүмкін.
Айта кетейік, Дмитрий Николаев 2026 жылдың қаңтарынан бері «Трактор» сапында өнер көрсетіп келеді. Қазіргі маусымда Құрлықтық хоккей лигасында 10 матчқа қатысып, соққылардың 92,8 пайызын қайтарған.