Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Беларусь спортшысы жұбайы үшін Қазақстан азаматтығын алды

29.07.2025, 17:21

Беларусьте туған 27 жастағы қорғаушы 2021 жылдан бері Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді

Беларусь спортшысы жұбайы үшін Қазақстан азаматтығын алды
Арсений Борисов (vk.com)

Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубының ойыншысы, ел чемпионы Арсений Борисов жұбайы үшін Қазақстан азаматтығын алған.

Беларусьте туған 27 жастағы қорғаушы 2021 жылдан бері Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп келеді. Өзінің айтуынша, азаматтықты ауыстыру туралы шешімді отбасылық жағдайға байланысты қабылдаған.

«Жан жарым – қазақстандық. Екі баламыз бар, екеуі де осында дүниеге келді. Осы елде өмір сүрген ыңғайлы, болашағымызды да осында құрғымыз келеді», – деді Борисов Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтық алу үшін Арсений туған елінің – Беларусь паспортынан бас тартуға мәжбүр болды.

– Беларусьтегі таныстарыңыз сіздің бұл шешіміңізді қалай қабылдайды деп ойлайсыз? Қазақстан азаматтығын алу үшін Беларусь азаматтығынан бас тартуға тура келеді ғой.

– Алаңдауға себеп жоқ, – деп қысқа жауап берді хоккейші.

– Қазақстан құрамасына шақырса, барасыз ба?

– Ондай шақыртуға кім қарсы болады дейсіз?! – деді Арсений.

Айта кетейік, жуырда Борисовтар отбасында екінші сәби дүниеге келді, оған Артемий деп ат қойған. Одан бөлек Екатерина мен Арсенийдің қызы бар.

Арсений Борисов 2013 жылдан 2021 жылға дейін Беларусь чемпионатының түрлі клубтарында ойнаған. 2021 жылы «Арлан» клубына ауысып, одан кейін Қарағандының «Сарыарқа» және Ташкенттің «Хумо» командаларында бір-бір маусымнан өткізді.

2024/2025 жылғы маусымда Арсений «Арлан» сапында 39 ойын өткізіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам