ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Допинг дауы: Қазақстандық ММА чемпионы допинг үшін 6 жылға шеттетілді

Бүгін, 16:21

Нұрсұлтан Меңдібаев допингке қарсы ережені бұзған

Допинг дауы: Қазақстандық ММА чемпионы допинг үшін 6 жылға шеттетілді
әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрсұлтан Меңдібаев допингке қарсы ережені бұзғаны үшін алты жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) мәлімдеді.

ITA дерегінше, спортшыдан 2025 жылғы 22 маусымда Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен ММА бойынша әлем чемпионаты кезінде сынама алынған. Тексеру барысында оның ағзасынан дростанолон метаболиті мен мельдоний табылған.

Дростанолон WADA тізімінде анаболикалық андрогендік стероид ретінде, ал мельдоний гормондық және метаболикалық модулятор санатында тыйым салынған заттар қатарына кіреді. Екі препаратты да жарыс кезінде де, жарыстан тыс кезеңде де қолдануға болмайды.

Оқиғадан кейін Меңдібаев уақытша жарыстардан шеттетілген. Кейін ITA GAMMA атынан оның жазасын ауырлататын мән-жайларды ескеріп, дисквалификация мерзімін алты жыл деп белгіледі.

Жаза 2026 жылғы 12 тамыздан 2032 жылғы 11 тамызға дейін күшінде болады. Сонымен қатар спортшының 2025 жылғы 22 маусымнан кейінгі жарыстарда көрсеткен нәтижелері жойылды.

Нұрсұлтан Меңдібаев – ММА бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ панкратион, грэпплинг және самбодан Қазақстан чемпионы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам