30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында UFC 336 турнирі өтеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 336 турнирінде эквадорлық Майкл Моралеске қарсы октагонға шығуы мүмкін.
Инсайдер Рубен Картердің мәліметінше, бұл жекпе-жек турнирдің басты кездесулерінің бірі болуы ықтимал.
Ақпарат көзі таратқан дерекке сүйенсек, 30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында өтеді деп жоспарланған UFC 336 турнирін жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачев пен эквадорлық Карлос Пратес арасындағы титулдық жекпе-жек бастауы мүмкін. Ал кештің екінші маңызды кездесуінде Джошуа Ван мен Манель Капе жұдырықтасады деп күтілуде.
Файткардтағы үшінші маңызды жекпе-жек ретінде Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес арасындағы кездесу қарастырылып отыр. Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Еске салайық, Ислам Махачев соңғы жекпе-жегінде UFC 330 турнирінде Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғаған. Ал Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық файтерден басым түскеннен кейін тізесінен алған жарақатына байланысты ұзақ уақыт оңалту курсынан өтті.
Егер жекпе-жек ресми түрде бекітілсе, бұл Рахмоновтың жарақаттан кейінгі октагонға оралуы болмақ.