«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Еркебұлан Тоқтар 12 желтоқсанда Алматыда ресейлік файтермен кездеседі
Қазақстандық танымал файтерлер Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар бірге жаттығып, спарринг өткізді.
Екі спортшының бір залда жаттығуы жанкүйерлердің назарын аударды. Өйткені бұған дейін олардың арасында жекпе-жек өткізу жөнінде бірнеше рет әңгіме болған.
2025 жылдың қарашасында Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шақырған еді. Сол кезде «Найман» ықтимал кездесуді отандық бокс үшін үлкен оқиғалардың бірі деп бағалаған.
Еркебұлан да бұл ұсыныстан бас тартпай, рингте кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Тіпті жекпе-жекті өзінің туған күні – 24 желтоқсанда өткізуді ұсынған. Алайда кейін бұл айқас ресми түрде жарияланған жоқ.
Енді бір-біріне ашық түрде жекпе-жекке шақыру тастаған қос спортшы жаттығу залында бір команда болып, бірге дайындық жүргізді.
Айта кетейік, «Веном» лақап атымен танымал Зайналов пен Еркебұлан Тоқтар 12 желтоқсанда Алматыдағы «Алматы Аренада» өтетін IBA Nomad турнирінде кездеседі.