Иан Гэрри Шавкат Рахмоновпен суретін жатын бөлмесіне іліп қойған

15.04.2025, 19:06

Ол Шавкат Рахмоновпен болған жекпе-жегін ұмыта алар емес

Иан Гэрри Шавкат Рахмоновпен суретін жатын бөлмесіне іліп қойған
Getty Images

Ирландиялық файтер Иан Мачадо Гэрри UFC 310 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен болған жекпе-жегін ұмыта алар емес. Әсіресе Шавкатты қылқындырған сәттен ерекше шабыт алатын көрінеді. Ол тіпті өзінің жатын бөлмесіне осы сәттің суретін іліп қойған.

«Мен бесінші раундта Шавкаттың артында тұрған сәтімді суретке басып, жақтауға салып қойдым. Таңертең төсектен тұрған сайын, осы қарғыс атқан суретті көрем. Бұл менің жанымды күйдіреді, бірақ сол арқылы мотивация аламын», — дейді Гэрри.

2024 жылғы 7 желтоқсанда Гэрри кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді. Ол Шавкат Рахмоновтан төрешілер шешімімен ұтылды. Соңғы раундта ол қазақстандықты қылқындыруға тырысқанымен, бұл әрекеті нәтиже бермеді.

26 сәуірде Гэрри бразилиялық Карлос Пратеспен (21–6) кездеседі. Пратес қазіргі таңда 13 жекпе-жекте жеңіліссіз серияны жалғастырып келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам