
Ол Азат Мақсұмның қарсыласы Тагир Уланбеков үшін тақым қыспақ
UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мухаммад Бакуде өтетін турнир алдында бірнеше спортшыға қолдау білдірді, олардың қатарында ресейлік Тагир Уланбеков те бар.
21 маусым, сенбі күні, Уланбеков UFC Fight Night Baku турнирінде аса жеңіл салмақта қазақстандық Азат Мақсұммен жекпе-жек өткізеді. Бастапқыда ресейлік файтер Bellator мен Rizin чемпионы Кедзи Хоригутимен кездесуі тиіс еді, алайда жапон спортшысы жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.
«Әзербайжан - өте керемет жер. Бұл кардта менің командаласым Игнасио Бахамундес те бар. Ол — менің бауырым, сондықтан оны осы жаққа келіп қолдауым керек болды. Бірге жаттығып, оның жеңіске жететініне көз жеткізгім келді. Сонымен қатар Тагир Уланбеков пен Мухаммад Наимовке де жанкүйермін. Ал басты жекпе-жекте Джамаал Хиллдің жеңгенін қалаймын. Өзім танитын, жеңісіне қуанатын жігіттердің бірі — бірі Кертис Блэйдс», — деді Белал Мухаммад.
Айта кетейік, Уланбековтің еншісінде 17 жеңіс және 2 жеңіліс бар. Ал 30 жастағы Мақсұмның көрсеткіші — 15 жеңіс және 1 жеңіліс.