Күмәнді нәтиже: Азат Мақсұм Тагир Уланбековтен жеңілді

21.06.2025, 22:36

Бұл – қазақ файтерінің UFC-дегі екінші жеңілісі

Күмәнді нәтиже: Азат Мақсұм Тагир Уланбековтен жеңілді
instagram.com/nekamma/

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (15-1) аралас жекпе-жектен Бакуде (Әзербайжан) өткен UFC on ABC 8 турнирінде өнер көрсетті.

Мақсұм дағыстандық Тагир Уланбековпен (16-2) кездесті. Аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді және төрешілердің ортақ шешімімен Уланбековтің жеңісімен аяқталды. Дегенмен, бұл айқаста Азатты ұтылды деп айта алмайсың, әсіресе үшінші раундта қазақстандық файтер өте белсенді көрінді. Сондықтан залдағы жанкүйерлер бұл нәтижеге қарсылығын білдіріп, шулап қоя берді.

Осылайша, Тагир Уланбеков кәсіби мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді, ал Азат Мақсұм үшін бұл екінші жеңіліс болды. 

Айта кетейік, бұл — қазақстандық спортшының UFC-дегі үшінші жекпе-жегі, қазіргі таңда оның рекорды - 1 жеңіс және 2 жеңіліс. Ал Уланбековтің UFC-дегі статистикасы — 6 жеңіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам