Мақсұм-Уланбеков: UFC комментаторы нәтижемен келіспейтінін айтты

22.06.2025, 11:54

Әлеуметтік желі қолданушылары да нәтиженің әділетсіз болғанын жазып жатыр

Мақсұм-Уланбеков: UFC комментаторы нәтижемен келіспейтінін айтты
instagram.com/jaco_ufc2/

UFC-дің ресми комментаторы Брэндан Фитцджеральд Азат Мақсұм мен Тагир Уланбеков арасындағы жекпе-жек қорытындысымен келіспейтінін білдірді. Нақтырағы, ол төрешілердің неліктен 30-27 есебін тіркегенін түсінбегенін алға тартты.

Жекпе-жек нәтижесі жарияланғаннан кейін Брэндан Фитцджеральд тікелей эфирде өз таңданысын ашып айтты.

«Шешім бірауыздан қабылданғанына, әсіресе 30-27 деген есепке қатты таңғалдым. Тагир Уланбеков жеңіске лайық болмады демеймін, бірақ Азат Мақсұм бұл жекпе-жекте өзін өте жақсы көрсетті.

Уланбеков ТОП-15-тегі орнын сақтап қалды, бірақ бұл кеште Мақсұмның шынайы әлеуетін толыққанды көре алмағанымызға сенімдімін», – деді Фитцджеральд.

Айта кетейік, ол ESPN және UFC Fight Pass платформаларында турнирді Майкл Биспинг және Пол Фелдермен бірге жүргізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам